logo

Мәнерлеп сырғанаушылар Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Төрт құрлық чемпионатында 12-орынды иеленді

Мәнерлеп сырғанаушылар Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Төрт құрлық чемпионатында 12-орынды иеленді

Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушылары Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Отандастарымыз мұздағы би бағдарламасында ел намысын қорғады. Ритмикалық биден кейін қазақстандық жұп 12-орында тұрған еді.

Еркін бағдарламада  84,95 ұпай жинады. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша Датиев пен Наурызова 137,34 ұпай жинап, жалпы есепте 12-орынды иеленді.

АҚШ өкілдері Эмилия Зингас пен Вадим Колесник (202,86 ұпай) жарыста жеңіске жетті. Кэролайн Грин мен Майкл Парсонс (АҚШ) 194,72 ұпаймен күміс жүлде еншіледі. Қола медаль Уна Браун мен Гейдж Браунға (АҚШ) бұйырды — 190,78 ұпай.