logo

Мане мен оның командасы Африка Кубогы үшін таласуда, оларды Судан тоқтата ала ма? Сенегал – Судан матчының тікелей эфирі

Мане мен оның командасы Африка Кубогы үшін таласуда, оларды Судан тоқтата ала ма? Сенегал – Судан матчының тікелей эфирі

Садио Мане, Исмаил Сарр және Николас Джексон бастаған Сенегал ұлттық құрамасы Африка Кубогының басты фавориттерінің бірі саналады.

Сенегалдықтар топтық кезеңде 7 ұпай жинап, бірінші орынмен плей-оффқа шықты. Үш матчта тек бір ғана голды ДР Конго құрамасынан өткізіп алды.

Турнирдің 1/8 финалындағы қарсыласы — Судан ұлттық құрамасы. Судан плей-оффқа Экваторлық Гвинеяны жеңудің арқасында ғана өтті.

Айта кетейік, 2025 жылы Судан мен Сенегал құрамалары төрт рет кездескен және бірде-бір матч жеңіл өткен жоқ. Тек Әлем чемпионатының іріктеуінде Сенегал 2:0 есебімен жеңіске жетті, ал қалған кездесулер тең нәтижемен аяқталды. Оның ішінде Африка халықтары чемпионатындағы үшінші орын үшін өткен матч та бар, ол ойында Сенегал тек пенальти сериясында ғана жеңді.

Бұл жолы Папе Тиаваның шәкірттері жеңіске жете ала ма — 3 қаңтар күні сағат 21:00–де белгілі болады.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі