Максим Самородов «Ахматтың» жеңісіне үлесін қосты
8 желтоқсан күні Грозный қаласында Ресей Премьер-Лигасының 18-турындағы «Ахмат» пен «Оренбург» арасындағы матч өтті, деп хабарлайды Sport+.
Кездесу 1:0 есебімен аяқталды. 50-минутта грозныйлық команданың қорғаушысы Александр Жиров есеп ашты. Бұл гол ойынның шешуші сәті болды.
Қазақстандық жартылай қорғаушы Максим Самородов «Ахматтың» негізгі құрамында ойынға шығып, 83-минутта алмастырылды.