Мағжан Шамшадин: Бес ай үзілістен соң жаттығуға оралдым
Мағжан Шамшадин жаттығуға оралды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Қазақстан дзюдо федерациясына берген сұхбатында балуан:
Жарақатымнан айығып, көптен күткен жаттығу жиынына қосылып жатырмын. Бапкерлерім мен федерация басшылығының шешімімен ресми жарыстарға мамыр айында қосыламын.
Қазіргі таңда жағдайым жақсы, Анталияда ұлттық құрама сапында халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысып, спорттық формамызды қалпына келтіру жұмыс істеп жатырмыз. Қараша айында жарақат алып, желтоқсанда ота жасаттық. Араға бес ай салып, татамиге оралып отырмын.