Магомед Адиев «Ахмат» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «Ахмат» (Грозный, Ресей) клубының бас бапкері атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan клубтың баспасөз-қызметінің дерегіне сүйеніп.
«Жұма күні «Ахмат» клубының жалпыкомандалық жиыны өтіп, клуб президенті Магомед Даудов ұжымға жаңа бас бапкер Магомед Адиевті таныстырды. Магомед Мусаевич Грозныйда дүниеге келген. Ол туған қаласының клубында өнер көрсетіп, Ресей Кубогын жеңген. Бір жылдары бас бапкердің көмекшісі, екінші команданың бапкері қызметін атқарған.
Қазіргі уақытта Магомед Адиев Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырады. Осы кезде бұл команда үздік нәтижеге қол жеткізді.
Маман екі командадағы жұмысты бірге алып жүреді. Магомеда Мусаевичті өз клубында қуана қарсы аламыз, сәттілік тілейміз», — деп клубтың баспасөз-қызметі жазған.
Магомед Адиев Қазақстан құрамасын 2022 жылдың сәуір айынан басқарады. ЕВРО-2024 соңғы іріктеу кезеңінде ұлттық құрама Еуропа чемпионатына жолдамаға таласты, алайда шешуші матчта Словенияға ұтылды (1:2).
Қазіргі уақытта "Ахмат" 21 турдан соң 12-орында, еншісінде 20 ұпай бар.