Ломакин Қазақстан чемпионатының ширек финалына шықты (видео)

Теннисші Григорий Ломакин Астанада өтіп жатқан жазғы Қазақстан чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport+.
1/8 финалда Ломакинге 15 жастағы Родион Трайгель қарсы тұрды. Ол алғашқы сетте 7:6 есебімен жеңіске жетіп, күтпеген нәтиже көрсетті. Алайда тәжірибелі теміртаулық теннисші келесі сеттерде 6:2, 6:0 есебімен жеңіп, жарысты жалғастырды.
Келесі айналымда Ломакин Есеналы — Сидоров жұбының жеңімпазымен кездеседі.