Лиссабонның алтын дербиі. «Бенфика» - «Спортинг» матчының тікелей көрсетілімі

Лиссабондық дерби — «Бенфика» мен «Спортингтің» кездесуі — Лиссабонның ғана емес, бүкіл Пиреней түбегінің басты футбол текетірестерінің бірі.
Бұл ойында Португалияның ең атақты екі клубы кездеседі. Қазіргі таңда екі команда да Примейра турнир кестесінде бірдей ұпаймен көш бастап тұр. «Спортинг» тек доп айырмашылығы бойынша «Бенфикадан» алда келеді. Сондықтан 10 мамырдағы матч маусым үшін «алтын матч» болуы мүмкін.
Командалар бұл кездесуге керемет формада келіп отыр: «қызыл қырандар» Чемпиондар лигасындағы «Барселонадан» жеңілгеннен кейін қатарынан 10 матчта жеңілмеді (тек бір рет тең түсті).
Ал «Арыстандардың» сериясы тіпті 15 матчқа жетіп отыр. Олар соңғы рет 12 ақпанда «Боруссиядан» жеңілген.
Бұл дербидегі тартыс бомбардирлік жарыста да жалғасуда: көш басында дербиге қатысушы екі ойыншы — «Спортингтің» швед шабуылшысы Виктор Дьекереш пен «Бенфиканың» грек ойыншысы Дмитрий Павлидис. Бірақ бұл бәсекеде Виктор басым түсіп отыр — ол 32 турда 38 гол соғып, барлық рекордтарды жаңартты.
Бұл маусымда командалар екі рет кездесті. Бірінші айналымда «Спортинг» «Бенфиканы» 2:1 есебімен жеңсе, жауапты матчта «қырандар» Португалия Кубогының финалында пенальти сериясында жеңіске жетті.
Жаңа кездесу 10 мамыр күні сағат 22:00-де өтеді.