logo

Леверкузендік «Байер» тұңғыш рет Германия чемпионы атанды

Леверкузендік «Байер» тұңғыш рет Германия чемпионы атанды

«Вердерге» қарсы 29-тур ойынында (5:0) жеңіске жеткен Хаби Алонсоның шәкірттері чемпиондық атақты алдын ала қамтамасыз етті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Леверкузендіктердің соңғы трофейі 1993 жылы Германия кубогы болатын, финалда «Герта» (Берлин) командасынан басым түскен. Сөйтіп, чемпиондық «тәрелке» клубтың 31 жылдағы алғашқы трофейі болмақ.

«Байер» неміс Бундеслигасының 29 матчынан кейін 79 ұпай жинады. Леверкузендіктерге ең жақын болып келген мюнхендік «Бавария» 63 ұпай жинап, «Байерді» басып озу мүмкіндігінен айырылды. Ал «Вердер» 33 ұпаймен 12-ші орында жайғасып тұр.



Күн шежіресі