logo

Легионер «Ордабасы» орнына РПЛ-ды таңдады

Легионер «Ордабасы» орнына РПЛ-ды таңдады

26 жастағы қорғаушы Алексей Татаев РПЛ-дың «Оренбург» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport+.

Айта кетейік, кейбір дереккөздерге сүйенсек, шымкенттік «Ордабасы» ресейлік ойыншыға қызығушылық танытқан.

Бұған дейін Алексей Қазақстанда «Оқжетпес» клубында өнер көрсетті. Соңғы маусымды «Алания» сапында өткізген. Сондай-ақ, «Краснодар», Чехияның «Млада Болеслав» клубтары мен Ресей жастар құрамасында ойнаған.