logo

Леброн Джеймс алғаш рет НБА-да ұлымен бірге ойнаған әке атанды

Леброн Джеймс алғаш рет НБА-да ұлымен бірге ойнаған әке атанды

Лос-Анджелесте НБА-ның тұрақты чемпионатының алғашқы ойын күнінде «Лейкерс» пен «Миннесота Тимбервулвз» арасындағы матч өтті, деп хабарлайды Sport+.

Ойын 110:103 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды, алайда матчтың басты оқиғасы «Лейкерс» көшбасшысының тағы бір тарихи жетістігі болды.

Екінші кезеңде алаңда «Лейкерс» жеңіл форварды Леброн Джеймс пен команданың шабуылдаушы қорғаушысы және жаңадан қосылған ойыншысы Бронни Джеймс бірге ойнады. Осылайша, НБА тарихында алғаш рет әке мен ұл дуэті бір матчта өнер көрсетті.