Лаура Ғаниқызы жартылай финалға шықты
Бішкектегі лицензиялық турнирде ең жеңіл салмақ дәрежесінде Лаура Ғаниқызы жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Өз жолында Тәжікстан және Филиппин балуандарын жеңген Лаураны енді шешуші белдесу күтіп тұр. 50 келідегі жартылай финалда ол үнді спортшысымен кездеседі.
Еске сала кетейік, Париж Олимпиадасына жолдама жартылай финалда жеңіске жеткен балуандарға беріледі.
Бұған дейін Елена Шалыгина (68 кг), Эмма Тисина (57 кг) және Ирина Кузнецова (62 кг) жарыс жолынан шығып қалды.