logo

Лаура Ғаниқызы: Қарсыласқа күшім жетпеді

Лаура Ғаниқызы: Қарсыласқа күшім жетпеді

Бішкектегі лицензиялық турнирде 50 келі салмақ дәрежесінде Лаура Ғаниқызы жартылай финалға дейін жетті. Алайда шешуші белдесуде тәжірибелі қарсыласқа жол берді. Қазақстандық спортшы Sport Plus Qazaqstan тілшісіне қысқаша сұхбат берді:

Маған әлі де көп дайындық керек. Үнді қызына физикалық тұрғыда шамам жетпеді. Бұл - мен үшін ересектер арасындағы алғашқы ірі жарыс.

Қарсыласым бұрын 53 келіде күрескен, көп салмақ қуып келді. Мен қозғауға тырыстым, бірақ шыны керек күшім жетпеді.

Жастар санатында әлі де бір жылым бар. Бірнеше жарысқа қатысам деп ойлаймын. Дегенмен, бүгінгі жеңіліске қатысты өкінішім бар.



Күн шежіресі