logo

Лаура Ғаниқызы әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады

Лаура Ғаниқызы әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады

Испанияда күрес түрлерінен U20 әлем чемпионаты өтуде. Әйелдер күресінен ең жоғары нәтиже көрсеткен Лаура Ғаниқызы, ол қола үшін белдесуге дейін жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

50 келі салмақ дәрежесінде Ғаниқызы Польша және АҚШ балуандарынан басым түсті. Жартылай финалда жапон қарсыласына жол беріп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Алайда бұл сында Швейцария өкіліне 4:7 есебімен жеңілді.

Қалған тоғыз салмақ дәрежесінде де балуан қыздарымыз жарыс жолын аяқтады. Әйелдер күресінен жастар құрамасы әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады.

Бүгін боз кілемге еркін күрес балуандары шығады.