Күрес федерациясының вице-президенті үздік спорт жанашыры атанды
Қазақстан Күрес федерациясының вице-президенті Сабыржан Зайнидинов «Жылдың үздік спорт жанашыры» атағына ие болды, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.
«Жылдың үздік спорт жанашыры» атағы оның грек-рим, еркін және әйелдер күресін дамытуға қосқан елеулі үлесі, жас спортшыларды қолдауы және ұлттық әрі олимпиадалық күрес түрлерінің беделін арттыру жолындағы жүйелі еңбегі үшін берілді.
«Бұл марапат — оның спортқа деген шынайы жанашырлығы мен қажырлы еңбегінің нақты дәлелі. Қазақстан Күрес федерациясы ұжымы Сабыржан Зайнидиновті лайықты марапатымен құттықтап, алдағы жауапты қызметіне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейді», — делінген Қазақстан Күрес федерациясының Instagram арнасында.
Еске салайық, Қазақстан Күрес федерациясының вице-президенті Сабыржан Зайнидинов «Ordabasy Group» бақылаушы кеңесі төрағасының кеңесшісі қызметін атқарады, «SaByr Fund» қоғамдық қорының негізін қалаған. Кәсіпкерлігінен бөлек, меценат ретінде танымал. Жыл сайын Алматыдағы балалар үйлері мен қарттар үйіне және өзі дүниеге келген Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы мұқтаж жандарға көмек қолын созып келеді.
Спорт саласында да жас спортшыларға қолдау көрсетіп, Алматы мен Қызылорда облысында өтетін халықаралық және республикалық жарыстарға меценат ретінде атсалысты. Сондай-ақ, Жаңақорған ауданындағы спорт кешенінің құрылысына қолдау көрсетті