Кубоктық шайқас: «Тұран» – «Елімай» матчының тікелей эфирі

Кубоктық шайқас: «Тұран» – «Елімай» матчының тікелей эфирі

8 сәуірде Қазақстан Кубогының 1/16 финалы басталады. Осы кезең аясында маусым басынан бері жеңіліс көрмеген Андрей Карповичтің «Елімай» командасы Бірінші лигада маусымды сәтті бастаған фавориттердің бірі «Тұранның» алаңына қонаққа барады.

Дегенмен Виктор Кумыковтың командасы құрамын күшейткеніне қарамастан, өз чемпионатының алғашқы турында өз алаңында «Оңтүстік Академиясына» 1:2 есебімен есе жіберді.

Енді «Тұран» ойыншылары семейлік қонақтарға қарсы матчқа қосымша мотивациямен шығады.

Командалар өткен маусымда Премьер-лигада бірге ойнаған және екі кездесуде де жеңіс «Елімайдың» еншісінде болды — 6:3 және 2:1.

Кубоктық ойын 8 сәуір күні сағат 18:00–де басталады. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі