Кубок үшін шайқас. Африканың Ұлттар кубогы финалы Марокко – Сенегал матчының тікелей эфирі
Міне, Африканың Ұлттар кубогы да мәресіне жетіп қалды. Енді тек бір, бірақ ең маңызды матч — финал ғана қалды. Онда алаң иелері Марокко құрамасы мен Сенегал құрамасы кездеседі.
Әрине, турнир басталар алдында Марокко құрамасы үшін финалдан өзге нәтиже болған жоқ. Брахим Диас бастаған команда шешуші матчқа жолдама алды. Ал «Реалдың» шабуылшысы жартылай финалдан басқа барлық ойында гол соқты.
Сенегал да турнир жолын өте сенімді өтті, ал финалға оларды тәжірибелі Садио Маненің голы алып шықты.
Марокко құрамасы 1976 жылдан бері алғаш рет армандаған трофейді жеңіп ала ала ма? Әлде Сенегал өз тарихындағы екінші Кубокты иелене ме?
Бұл сұрақтардың жауабын 18 қаңтардан 19 қаңтарға қараған түні білеміз. Матч 00:00–де басталады. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көрсетіледі.
Ал 23:25–те финалдық матчқа арналған студия эфирі басталады.