Кубок Либертадорес матчында есінен танып қалған уругвайлық футболшы ауруханада көз жұмды
Уругвайлық «Насьональ» командасының қорғаушысы Хуан Искьердо 27 жасында ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
22 тамызда «Насьональ» Бразилияның «Сан-Паулу» командасына қарсы 1/8 финалдың жауапты матчында ойнады. Бірінші таймнан кейін Искьердо қорғаушы Себастьян Коатесті алмастырды. 84-минутта уругвайлық ойыншы есінен танып, құлап қалды.
«Терең қайғы мен күйзеліс ішінде біздің сүйікті ойыншымыз Хуан Искьердоның қайтыс болғанын хабарлайды. Оның отбасы, достары, әріптестері мен туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз. Бүкіл «Насьональ» оның орны толмас жоғалтуына қайғыруда. Хуан, сен әрдайым бізбен боласың», — деп жазды уругвай командасының баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде.
Искьердо уругвайлық «Ливерпуль Монтевидео», «Пеньяроль» клубтарында ойнаған. Сондай-ақ, 2020/21 жылдары жарты маусым Мексиканың Сан-Луис қаласындағы «Атлетико» командасында өнер көрсетті.