logo

«Кристал Пэлас» Англия Суперкубогын жеңіп алды (видео)

«Кристал Пэлас» Англия Суперкубогын жеңіп алды (видео)

Футболдан Англия Суперкубогы үшін матч аяқталды. «Кристал Пэлас» пенальти сериясында «Ливерпуль» командасын жеңді, деп хабарлайды Sport+.

Негізгі уақыт тең нәтижемен аяқталды — 2:2. Төртінші минутта «Ливерпуль» жаңа ойыншысы Уго Экитике есеп ашты. 17-минутта Жан-Филипп Матета пенальтиден мүлт кетпей, есепті теңестірді.

Кейін «Ливерпульдің» тағы бір жаңа ойыншысы Жереми Фримпонг 21-минутта командасын қайта алға шығарды. Алайда Исмаила Сарр 77-минутта жауап гол соғып, матчты пенальти сериясына жеткізді. Онда «Кристал Пэлас» 3:2 есебімен жеңіске жетті.



Күн шежіресі