logo

Көшен Ақанов Naiza 59 турниріндегі жекпе-жектерге болжам жасады

Көшен Ақанов Naiza 59 турниріндегі жекпе-жектерге болжам жасады

Қазақстандық жауынгер Көшен Ақанов Naiza 59 турнирінде жұдырықтасатын жұптарға баға беріп, өз болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Naiza лигасының әлеуметтік желілеріне сілтеме жасап. 

— Менің досым Елжан Гасанов Саралаповқа қарсы жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек 50/50. Кім өзінің жоспарын қарсыласқа ұсынады, сол жеңеді. Хабиб Булачев корей файтерімен кездеседі. Бұл жекпе-жекте Хабиб екінші раундта күрес арқылы Шинді ұтады деп ойлаймын, себебі Корей елінің жауынгерлері күресу білмейді, оларда джиу-джитсу басым. Дәулет Өсербай Боготовпен төбелеседі. Дәулеттің қарсыласы блогер дейді, ол үшін осы жекпе-жек алғашқы болу керек, сондықтан Дәулет ұтады. Боготовтың жекпе-жектерін көргенмін, бірақ ол қандай дайындықпен келетінін білмеймін. Марсель Нурланбек уулу Ануарбек «Мотиватор» Бекембетовты екінші раунда ұтатын сияқты, себебі Ануарбек — боксер, оған қиын болады. Рүстем Құдайбергенов ресейлік нокаутер Иван Даниловпен кездеседі, мұнда біздің жауынгер ұтады деп ойлаймын. Құдайбергенов жақсы дайындықта келе жатыр, ол техникалық нокаунтпен жеңеді. Қазақстандық Елжан Әлиасқар мысырлық жауынгермен (Ислам Юсеф) шығады. Мысырда ММА қаншалықты жақсы дамығанын білмеймін, сол себепті Елжан жеңеді деп болжам айтамын. Өзіме келетін болсақ, жақсы өнер көрсетемін, жеңісті күтіңіздер! — деді Көшен.

Naiza 59 турнирдің басты жекпе-жегінде — жартылай жеңіл салмақтағы қақтығыс. Командалық Гран-при жұлдызы, жеңіліс көрмеген Көшен Ақанов (4-0) «Шторм» мектебінің жауынгері Роман Аракелянмен (6-3) беттеседі.

Турнир 26 сәуірде Алматы қаласында өтеді.



Күн шежіресі