Көшбасшылар шайқасы. Футзал Суперлигасының екі матчы Sport+ эфирінде
26 қыркүйекте футзалдан Қазақстан Суперлигасының кезекті туры басталады.
Ақтөбеде турнир кестесінің қазіргі көшбасшысы «Ақтөбе» қазақстандық футзалдың флагманы, Чемпиондар лигасының бірнеше дүркін жеңімпазы «Қайратты» қабылдайды.
«Ақтөбе» маусым басында төрт жеңіске жетіп, сырт алаңда «Шымкент» пен «Оқжетпесті» екі реттен жеңді. Команда осы кездесулерде жалпы 24 гол соқты. «Қайрат» өз алаңында «Семейге» қарсы матчта сүрініп, екінші ойында 3:4 есебімен жеңіліп қалды. Бұған дейін алматылықтар «Елорда» мен сол «Семейді» жеңіп, 9 ұпай жинаған.
Бұл матч сағат 17:00–де басталады.
Сағат 19:00–де Ақтауда тағы бір қызықты кездесу басталады. Бұл қалада футзалға деген ерекше сүйіспеншілік бар, оны матчтардағы лық толы трибуналардан байқауға болады.
«Каспий» «Бәйтеректі» қабылдайды. Ақтаулықтар маусымды сырт алаңда «Астананы» жеңумен бастады, алайда кейін «Елордаға» екі рет есе жіберді.
Ал «Бәйтерекке» маусым басында өте күрделі күнтізбе түсті — команда көшбасшылар «Қайрат» пен «Аятқа» қарсы төрт ойынды сырт алаңда өткізіп, нәтижесінде небәрі 1 ұпай жинады.
«Ақтөбе» — «Қайрат» және «Каспий» — «Бәйтерек» матчтарын Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көруге болады.