logo

Көшбасшылар чемпион атағы үшін күресті бастайды. Теннистен Қазақстан чемпионатының матчтары тікелей эфирде

Көшбасшылар чемпион атағы үшін күресті бастайды. Теннистен Қазақстан чемпионатының матчтары тікелей эфирде

Жазғы Қазақстан чемпионаты қыза түсті. 23 шілде, сәрсенбі күні турнирдің бірінші нөмірлі қатысушылары додаға қосылады.

Көшбасшылардың матчтары дәстүрлі түрде Орталық кортта өтеді. Бұл ойындардың барлығы тікелей эфирде Sport+ Qazaqstan телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.

Күннің бағдарламасын ерлер арасындағы бірінші сеянный Григорий Ломакин мен Родион Трайгель арасындағы матч ашады.

Одан кейін кортқа Қазақстанның үшінші ракеткасы Жібек Құламбаева мен Еркежан Арыстанбекова шығады.

Шамамен 13:00–де елдегі жасөспірімдер теннисінің басты жұлдызы, Чемпионатқа арнайы Уайлд Кард алған Әмір Омарханов өнер көрсетеді. Оның қарсыласы — Даниэль Юрекли.

Түстен кейін жұптық кездесулер өтеді. Алдымен Тұрсынханова/Королева — Крымкова/Шухратова жұптары кортқа шығады. Одан кейін Құламбаева мен Рүстемова Сакен-Азаматқызы дуэтіне қарсы ойнайды.

Күннің соңғы матчында Ломакин/Калдыбеков жұбы Сыздыков пен Балқанға қарсы өнер көрсетеді.

Барлық матчтар Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында тікелей эфирде көрсетіледі.



Күн шежіресі