Көкшетау Еурокубоктарды күтуде: «Оқжетпес» – «Жеңіс» матчының тікелей эфирі

Көкшетау Еурокубоктарды күтуде: «Оқжетпес» – «Жеңіс» матчының тікелей эфирі

Көкшетаудың «Оқжетпесі» келесі маусымдағы УЕФА Конференциялар лигасына жолдама үшін күресін жалғастырып келеді. Алайда Ринат Алюетов шәкірттері өткен турда «Ертіске» есе жіберіп, турнирлік кестедегі жағдайын жақсарту мүмкіндігін пайдалана алмады.

Бас бапкердің айтуынша, Павлодардағы матчтың екінші таймында команданың басты сұрмергені Оралхан Өміртаевтың жағдайы нашарлап, көзі қарауытып кеткен.

Ал «Жеңіс», керісінше, сырт алаңдағы қатарынан екі жеңілістен кейін өз алаңында «Қызылжарды» сенімді түрде жеңді. Сондықтан елордалық команда Көкшетауға көтеріңкі көңіл күймен аттанады.

Командалар биылғы маусымда «Оқжетпес» стадионында кездесіп үлгерген. Қазақстан кубогы аясындағы сол ойында елордалық команда 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

«Жеңіс» сол жетістігін қайталай ала ма, әлде көкшетаулықтар тарих жазуын жалғастыра ма?

Мұны 18 қыркүйек күні сағат 16:00–де білеміз.

Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі