logo

Көкпардан ХХІІІ Қазақстан чемпионаты мәреге жетті

Көкпардан ХХІІІ Қазақстан чемпионаты мәреге жетті

21-27 сәуір аралығында Қызылорда қаласының атшабарында өткен көкпардан ересектер арасындағы ХХІІІ Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жекпе-жекте қарсылас шақ келтірмеген Шымкент қаласының тұлпары «Жебе» болып, шабандоз Елдар Жарылқап 1 000 000 теңге жүлде иеленді.

26 сәуір күні алғашқы жартылай финалдық ойында Қостанайлықтар мен оңтүстік астана командасы арасындағы текетіресте 1:4 есебімен Алматылықтардың айы оңынан туып, Елдар Жиенқұлов кездесудің үздік ойыншысы атанды.

Бұл чемпионатты кезекті рет жеңген Жамбыл облысы Қазақстан Республикасының 14 дүркін чемпионы атанып 7 000 000 тг сыйақы алды.

Күмісті місе тұтқан Алматы облысына 5 000 000 тг, қоланы мойнына ілген Түркістан облысына 3 000 000 тг, ал екінші үшінші орын Қостанай облысына 1 500 000 тг жүлде берілді.