logo

«Классиктер» медаль үшін жарыс жолында: күрестен Қазақстан чемпионатының тікелей эфирі

«Классиктер» медаль үшін жарыс жолында: күрестен Қазақстан чемпионатының тікелей эфирі

1 желтоқсанда Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталады.

Дәстүр бойынша жарысты грек-рим күресінің өкілдері ашады.

Алғашқы күні бозкілемге 55, 63, 72, 77, 82 және 130 келі салмақ дәрежелеріндегі балуандар шығады.

Сағат 10:30–да іріктеу кезеңі басталып, күндізгі бағдарламада 1/8 және ¼ финал белдесулері өтеді.

17:55-те басталатын кешкі сессияда чемпионаттың финалына жолдаманы сарапқа салатын шешуші белдесулер өтеді.

Екі сессияны да тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және YouTube-тегі sportplus_qaz арнасынан көруге болады.



Күн шежіресі