Карим Бензема 2025 жылы мансабын аяқтауы мүмкін
36 жастағы француз шабуылшысы Карим Бензема ағымдағы маусым аяқталғаннан кейін мансабын аяқтау мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Sport+.
Испандық БАҚ мәліметінше, Бензема әлі нақты шешім қабылдаған жоқ, бірақ оны осы ойға итермелейтін себептер бар екенін мойындаған. Саудиялық «Әл-Иттихад» клубы футболшының келісімшарты аяқталатын 2026 жылға дейін ойнауын күтуде. Сонымен қатар, Карим Мадридтің «Реалы» клубымен өзінің елшісі болу туралы келісімге келген.
Бензема «Әл-Иттихадқа» 2023 жылдың жазында еркін агент ретінде қосылған. Биыл ол 11 матчқа қатысып, 10 гол және 3 нәтижелі пас берген. Қазіргі келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt деректері бойынша, оның нарықтық құны €8 млн-ға бағаланады.