logo

Канадалық баскетболшы Атыраудағы су тасқынымен күресуге көмектесуде

Канадалық баскетболшы Атыраудағы су тасқынымен күресуге көмектесуде

Канаданың тумасы, «Барыс Атырау» клубының баскетболшысы Жайық өзенінің жағалауын бекітуге көмектесіп жатыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Майкл Окафор Атыраудағы еріктілер қатарына қосылды. Оның айтуынша, тек бірігіп қана табиғи сипаттағы туындаған қиындықтарды жеңуге болады.

«Топан су келе жатқанын естігенде, біз бүкіл командамызбен мұнда келдік. Құммен қаптарды толтырып, топан суды болдырмауға тырысамыз. Егер біз өз қаламызды табиғи апаттан сақтап қала алсақ, онда өз міндетімізді орындаған боламыз», — дейді спортшы.

Атырауда ТЖ режимі жарияланды, алайда Қазақстанның он облысында жағдай күрделі. Елде 25 мыңнан астам ерікті топан сумен күресуге көмектесуде.