logo

Камиль Куруглиев - әлем чемпионатының жүлдегері

Камиль Куруглиев - әлем чемпионатының жүлдегері

Қазақстандық балуан Камиль Куруглиев Испанияның Понтеведра қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz cайтына сілтеме жасай отырып. 

Еркін күрес шебері 92 келі салмақта жартылай финалға жетіп, ресейлік балуаннан ұтылған еді. 

Кіші финалда Куруглиев  ирандық Амиррезза Далириден 8:5 есебімен басым түсті. 

Осылайша, Қазақстан қоржыны соңғы жарыс күнінде қола медальмен толықты.



Күн шежіресі