logo

Кабирхан Қазақстанда ат спортының дамуына үлкен серпін берді: Jockey Club өкілі елдегі спорттың дамуы туралы

Кабирхан Қазақстанда ат спортының дамуына үлкен серпін берді: Jockey Club өкілі елдегі спорттың дамуы туралы

Ат спорты бойынша сарапшы, Jockey Club төреші-гандикапері Владислав Цой Sport+ телеарнасына еліміздегі аталмыш спорт түрінің дамуы жайлы көлемді сұхбат берді. 

«Қазақстандағы ат жарысын бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады. Мен бұл салаға 2000-жылдардың басында келген кезде үлкен серпіліс байқалды — көптеген ықпалды адамдар қызығушылық танытып, жақсы жылқылар әкелінді. Алайда, 2008 жылдан кейін үлкен құлдырау болды: ипподромдар жабылып, көптеген жылқылар жоғалып кетті. Кейін біраз уақыт тек энтузиасттардың күшімен жарыстар ұйымдастырылды — жылқылар да, жарыстар да аз болды. Бірақ 2016 жылдан бастап жүйелі даму жүріп келеді. Өкінішке қарай, қарқыны аса жоғары емес, дегенмен біз алға жылжып келеміз. 2024 жылғы маусым — тарихтағы ең үздік маусым болды. Әрине, соңғы екі жылда бізді айтарлықтай қолдаған Olimpbet демеушісін атап өткен жөн. Бұл тұрақты қаржылық жағдай жасап, жылқы иелеріне жүлде қорының кепілдігін берді. 2025 жылғы маусымда біз ипподромда 300 жылқыны жарысқа шығаруды жоспарлап отырмыз», — деді сарапшы. 

Сондай-ақ, Владислав Цой Кабирханның БАӘ-дегі жеңістерінің спортқа әсерін ерекше атап өтті:

«Кабирхан біздің ат спортының дамуына үлкен серпін берді. Оның иесі Тлек Мұқамбетқалиев үлкен тәуекелге барып, оны Дубайға апарды. Бұған дейін Кабирхан Алматыда төрт жарысқа қатысып, бәрін оңай жеңіп алды. Кейін оны Ресейге апарды, ол жерде де жоғары деңгейдегі жарыскер екенін дәлелдеді»

Владислав Цоймен толық сұқбатты төмендегі плеерде көре аласыз. 



Күн шежіресі