logo

Иван Ордец: Ақтөбеге қосылып, жанкүйерлерді қуантқым келеді

Иван Ордец: Ақтөбеге қосылып, жанкүйерлерді қуантқым келеді

33 жасар украиналық қорғаушы Иван Ордец «Ақтөбе» клубына ауысуы туралы әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— «Ақтөбеге» ауысқаннан кейінгі әсерлеріңіз қандай?
— Үлкен рахмет! Мен осы клубқа қосылғаныма өте қуаныштымын. Керемет әсердемін, барлығы ең жоғары деңгейде.

— Бұрын Қазақстан және, атап айтқанда, «Ақтөбе» футбол клубы туралы естіген едіңіз бе? «Қызыл-ақ» құрамына ауысу туралы шешімді қалай қабылдадыңыз? Кіммен кеңестіңіз?
— Бұрын Қазақстанда болған емеспін, бірақ бұл елдің табиғаты әдемі әрі мәдениеті бай екенін білемін. «Ақтөбе» туралы да естігем: бұл клуб өте биік амбицияға ие. Сондай-ақ, мұнда жанкүйерлер ең жақсы әрі көп екенін білемін. Бұл шешімді, әрине, отбасыммен және агентіммен кеңесіп қабылдадым.

— «Ақтөбе» құрамында қандай мақсаттар қойып отырсыз?
— «Ақтөбе» клубымен бірге ең биік шыңдарды бағындырғым келеді. Клубтың барлық міндетін орындау және жанкүйерлерді қуанта алу үшін барымды саламын.