logo

Иван Дычконың жекпе-жегі кейінге шегерілді

Иван Дычконың жекпе-жегі кейінге шегерілді

All Stars бокс промоушені Иван Дычко мен Виталий Кудухов арасындағы жекпе-жектің кейінге шегерілгенін жариялады, деп хабарлайды Sport+.

«Иван Дычко мен Виталий Кудухов арасындағы жекпе-жек кейінге қалдырылды.

Өкінішке қарай, спарринг барысында Иван Дычко иығынан жарақат алды. Медициналық тексеруден кейін кәсіби бокс комиссиясы спортшыны алдағы жекпе-жекке қатыстырмау туралы шешім қабылдады.

Біз Иванға тезірек сауығып кетуін тілейміз және барлық жанкүйерлерге түсіністік танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз», — делінген All Stars мәлімдемесінде.

Айта кетейік, жекпе-жектің жаңа күні әзірге белгісіз.