Италия құрамасының шабуылшысы «Бенфикаға» ауысты
Италия құрамасының шабуылшысы Андреа Белотти «Бенфикамен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport+ португалиялық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Итальяндық ойыншы «Комо» клубынан жалға алынып, «Бенфика» сапында өнер көрсетеді.
Белотти Италия құрамасы сапында 44 матч өткізіп, 12 гол соққан. Ол ұлттық құрамамен бірге Еуропа чемпионатын жеңіп алған.
Италиялық шабуылшы Португалия чемпионатындағы дебютін 8 ақпанда «Морейренси» клубына қарсы матчта өткізуі мүмкін. Бұл ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан көруге болады.