«Интер» Италия кубогының финалына шықты (видео)
«Интер» Италия кубогының жартылай финалында «Комоны» жеңіп, шешуші кезеңге өтті.
Ойын барысында «Комо» Мартин Батурина мен Лукас Да Куньяның голдарының арқасында 2:0 есебімен алда болды.
Алайда миландықтар матч соңында керемет ойын көрсетіп, 20 минуттың ішінде 3 гол соқты. Гол авторлары — екі рет мергендік танытқан Хакан Чалханоглу және Петар Сучич.