Иноуэ жекпе-жек алдында Карденастан жеңілірек болып шықты

Бірінші жартылай жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Наоя Иноуэ АҚШ-та өтетін бірнеше жылдағы алғашқы жекпе-жегіне дейінгі салмақ өлшеуден сәтті өтті. Бұл жекпе-жек 4 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді.
32 жастағы жапон боксшысы таразыда 55,25 кг салмақ көрсетті. Оның қарсыласы, 29 жастағы америкалық Рамон Карденас — 55,29 кг.
Сондай-ақ белгілі болғандай, егер 4 мамырда бәрі жоспар бойынша өтсе, Иноуэ қыркүйек айында Жапонияда өз титулдарын Муроджон Ахмадалиевке қарсы қорғайтын болады.
Жекпе-жек пен бүкіл бокс кешін тікелей эфирде Sport+ арнасы көрсетеді. Трансляция 5 мамыр күні сағат 5:00–де басталады.