Иноуэ өз белбеулерін сәтті қорғап қалды (видео)

Жапондық «Монстр» Наоя Иноуэ өз белбеулерін сәтті қорғап, екінші жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мәртебесін сақтап қалды.
Америкалық Рамон Карденасқа қарсы жекпе-жек жапондықтың 8-раундта нокаутпен жеңіске жетуімен аяқталды.
Иноуэ командасының жоспарына сәйкес, келесі титул қорғау жекпе-жегі қыркүйек айында Муроджон Ахмадалиевке қарсы өтеді.