logo

Инклюзивті футбол лигасының тұсаукесері өтті

Инклюзивті футбол лигасының тұсаукесері өтті
Астанада «UNI Football League» - аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған инклюзивті футбол лигасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«UNI Football League» – аутизм және Даун синдромын қоса, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арнап әзірленген футбол жобасы. Жобаның мақсаты – дамуында ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдер үшін футбол арқылы сапалы спорттық бағдарламаға қол жеткізуге және әлеуметтенуге мүмкіндік жасау.

«UNI Football League» жобасы Астанада 2023 жылдың қараша айында «Болашақ» қорының жыл сайынғы Қысқы қайырымдылық балынан түсетін қаражатқа өтті. Қазіргі таңда Астанада аутизм және Даун синдромы бар 12 бала секцияда жаттығып жатыр. Жалпы жобаның географиясы мамандандырылған футбол секциялары жұмыс істейтін Қазақстанның 9 қаласын (Шымкент, Атырау, Қарағанды, Астана, Көкшетау, Петропавл, Тараз, Ақтау және Өскемен) қамтиды. ЕБбҚ бар 60-65 бала қамтылды. Жалпы жоба шамамен 160 бала мен жасөспірімді қамтиды деп күтілуде.