Иньеста мен Вильяның бұрынғы клубы ширек финалға жақын. «Виссел Кобе» - «Кванджу» матчының тікелей көрсетілімі

12 наурыз күні Кванджуда жергілікті клуб АФК Чемпиондар Лигасының 1/8 финалы аясында Жапонияның «Виссел Кобе» командасыен қарымта матч өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
«Барселонаның» бұрынғы ойыншылары Андрес Иньеста мен Давид Вильяның Жапониядағы клубы бірінші ойында 2:0 есебімен сенімді жеңіп, келесі кезеңге өтуде фаворит болып саналады.
2023 жылғы Оңтүстік Корея чемпионатының қола жүлдегері сәтсіз кезеңді кешуде, жыл басталғалы бір ғана жеңіске жетті. 2024 жылдың чемпионатын тоғызыншы орында аяқтаған бұл ұжым екінші дивизионға түсе жаздады. Жапондықтар 2024 жылы қатарынан екінші рет чемпиондықты алып кетті, ал жаңа маусымдағы нәтиже әзірше жоғары емес. Төрт турдан кейін 17 орында.
«Кванчжу» стадионындағы кездесу Астана уақытымен 15:00де басталады, Матч Sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.