Игорь Пикущак «Астанамен» ойын жайында
«Милсами» командасының бас бапкері Игорь Пикущак Sport Plus Qazaqstan тілшісіне сұхбатында «Астанамен» (1:1) ойынды қорытындылады.
«Тең есеп қос командаға да лайықты нәтиже деп айтуға болады. Тең ойын болды, енді қарымта матчқа дайындаламыз. «Астана» - тәжірибелі ойыншылары бар мықты команда. Олар тек өз футболын ойнауға тырысты. Біз де шамамыз келгенше қорғаныста ойнадық және шабуылға да талпындық», - деді бапкер.