Ярослав Зварич: Исламға қазір тек «Хартс» қызық

«Тобыл» клубының қазақстандық жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковтың агенті Ярослав Зварич «Хартс» клубымен келіссөздер әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ «Legalbet.kz» порталына сілтеме жасап:
– Әлі де келіссөздер сатысындамыз. Ислам Чесноков бойынша басқа клубтармен келіссөздер жүргізіліп жатыр ма? Футболшыны қазір тек «Хартс» қызықтырады.