Ғұсман Қырғызбаев Қытайдағы Гран-при турнирінің алтыны үшін күреседі
Қазақстан құрамасының дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев Циндао қаласында (Қытай) өтіп жатқан Гран-при сериясының турнирінде финалға шықты, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында қазақстандық Рональд Лиманы (Бразилия) сенімді түрде жеңді.
Шешуші белдесуде Қырғызбаев Хифуми Абе (Жапония) мен Келвин Рэйдің (Франция) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, финалдық сессияда Елдос Сметов та бақ сынайды. Олимпиада чемпионы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін ресейлік Аюб Блиевпен белдеседі.