logo

Ғұсман Қырғызбаев: Мен Қазақстан дзюдосы тарихына енгенімді түсінемін

Ғұсман Қырғызбаев: Мен Қазақстан дзюдосы тарихына енгенімді түсінемін

Дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев өзінің спорттағы мансабына қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

«Шынымды айтсам, Олимпиададан кейін күреске деген шабытым ашылды.  Кішкене демалған соң, ірі додаларға қайта дайындала береміз. Олимпиада медалі мен үшін аса құнды медаль. Орны ерекше. Олимпиадалық ауылда тұрған соң, жүлдегер атанғаным қатты білінбеген. Өйткені, бәрі медаль алып жатыр ғой. Елге оралған соң, халық  сый-құрметін көрсетуде. Қазақстан дзюдо тарихында атым қалып, кішігірім ерлік жасағанымды енді түсініп жатырмын», — дейді Қырғызбаев. 

Айта кетелік, Ғұсман Қырғызбаев 66 келі салмақта Олимпиаданың тұғырына көтерілген болатын. 



Күн шежіресі