Григорий Ломакин Қазақстан чемпионатының финалына шықты (видео)

Қазақстанның жазғы теннис чемпионатында ерлер арасындағы финалистер анықталды — титулды Қарағанды облысының екі өкілі сарапқа салады, деп хабарлайды Sport+.
Өткен жылғы ел чемпионы, Теміртау теннис мектебінің түлегі Григорий Ломакин жартылай финалда тартысты өткен матчта Тимур Мәуленовты 7:6 (7:5), 7:6 (7:2) есебімен жеңді.
Финалда оның қарсыласы — 17 жастағы қарағандылық Әмір Омарханов болады.