logo

Григорий Бабаян: Қазақстан намысын еуроаренада абыроймен қорғап шыққымыз келеді

Григорий Бабаян: Қазақстан намысын еуроаренада абыроймен қорғап шыққымыз келеді

«Астана» футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян команданың Конференция Лигасындағы келесі матчтары жайында сөз қозғады, деп хабарлайды Sport+ Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

 «Біздің қазіргі ойымыз Конференция Лигасының ойындарында. Біз маусымға қойылған барлық міндеттемелерді орындадық. Енді Қазақстан намысын еуроаренада абыроймен қорғап шыққымыз келеді. Әрі қарай өту үшін барымызды саламыз. Ең үлкен мәселе — „Челсимен“ ойынға дайныдық. Өз қалпымыздан таймау үшін жолдастық кездесу өткізгіміз келеді», — деді Бабаян.

«Астана» келесі матчын 28 қараша күні Португалияның «Витория» командасымен Конференция Лигасы аясында өткізеді. Кейін елордалықтар «Челси» және АПОЭЛмен кездеседі.