Grand Slam Astana: он балуан жарыс жолынан шықты
Қазақстан құрамасының он балуаны дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінің алғашқы айналымынан өте алмады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Ерлер арасында 100 келіге дейінгі салмақта Нұрлыхан Шархан, Бекзат Шағатаев, Ислам Бозбаев ұтылса. 100 келіден жоғары салмақта Еламан Ерғалиев есе жіберді.
Әйелдер арасында Лаура Жәнібекова, Анастасия Нагачевская (екуі де 78 келі) және Аида Тойшибекова, Ақерке Рамазанова, Назгүл Маратова, Карина Такиева (+78 келі) келесі айналымға өте алмады.