Ғалымжан Кенжебектің жаңа клубы белгілі болды

Семейлік «Елімай» клубы Қазақстан құрамасының 22 жастағы жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебекпен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Кенжебек — «Қайрат» клубының түлегі, алайда соңғы маусымды шетелде өткізді: ол Кипрдің «Акиртас» және Словакияның «Кошице» клубтарының намысын қорғаған.