Ғалия Тынбаева дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Әйелдер арасында 48 келі салмақтағы қола медальға Ғалия Тынбаева мен Абиба Әбужақынова таласқан болатын.
Кездесуде Тынбаева жеңіске жетіп, құрлық додасында үздік үштікке енді.
Ал биылғы маусымда қатысқан барлық жарысында жүлде алған Абиба Әбужақынова Азия чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.