Габи Кики: «Ақтөбеге» жаңа шыңдарды бағындыру үшін келдім
«Ақтөбенің» жаңа ойыншысы, камерундық қорғаушы Габи Кики клубтың баспасөз қызметіне берген сұқбатында қазақстандық клубтың сапына ауысуынан алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Мен мұнда болғаныма өте қуаныштымын, себібі осы клубқа ауысу туралы ұзақ уақыт ойладым. Агентпен және осында ойнаған Эрвин Мукаммен біраз ақылдастым. Ол «Ақтөбе» керемет жанкүйерлері бар жақсы команда екенін айтты. Мен мұнда жаңа шыңдарды бағындыру үшін келдім. Қазақстан туралы көп білемін деп айта алмаймын, бірақ менің мұнда бірнеше досым бар. Ел чемпионаты туралы көптеген жақсы нәрселерді естідім. Сондықтан мен Қазақстанға барып ойнағым келеді», - деді африкандық легионер.
Сондай-ақ, Кики маусымға арналған мақсаттармен бөлісті:
«Мен - кәсіпқой ойыншымен. Өзімді жақсы жағынан көрсеткім келеді. «Ақтөбе» чемпион болады деп сенемін».