logo

Футзалдан Қазақстан командасының құрамы жарияланды

Футзалдан Қазақстан командасының құрамы жарияланды

Қазақстан футбол федерациясы алдағы жолдастық кездесулерде ойнайтын футзалдан Қазақстан құрамасын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

4 сәуір күні Пауло Рикардо Кака командасы Қырғызстан командасымен кездеседі. 7 және 9 сәуір күндері Таразда Өзбекстан құрамасымен ойнайды.

Ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Лео Игита, Нарун Сериков (екеуі де «Қайрат»), Қанат Жеткырбаев «Ақтөбе».

Алаңдағы ойыншылар: Арнольд Кнауб, Эдсон, Жахангир Рашит, Дамир Қайрыбай (барлығы «Қайрат), Асхат Колбаев, Егор Нулет (екеуі де «Ақтөбе»), Абдурасул Абдулманапұлы, Азат Валлиулин, Антон Рындин (барлығы «Аят»), Шыңғыс Есенаманов, Райымбек Жұма, Ринат Төреғазин, Батырхан Кенжеғали (барлығы «Семей»), Төрехан Досов, Нұрқанат Бақтияров (барлығы «Рахмет»).

Команда көшбасшылары Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов және Дуглас әртүрлі жарақаттардың себебімен бұл ойындардан тыс қалады.



Күн шежіресі