logo

Футболшылар кәсіподағы арнайы тактикалық семинар өткізді

Футболшылар кәсіподағы арнайы тактикалық семинар өткізді

Қазақстан футболшыларының кәсіподағы ұйым мүшелері мен жас футболшыларға арнайы тактикалық семинар өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Семинардың басты тақырыбы - әлемдік футболдағы орталық қорғаушылардың қателіктері мен ойыны. Аталмыш шараға онлайн әр түрлі деңгейдегі клубтардың 40 жуық футболшысы қатысты.

Семинардың спикері ретінде YouTube-тағы тактикадан белгілі арналардың бірі «Культура Паса» арнасының авторы, ресейлік ЦСКА және «Краснодар» клубтарының бұрынғы сарапшысы Максим Ковалев шақырылды.

Бұл семинарлар топтамасының бастамасы. Кәсіподақ бастауымен алдағы уақытта футболшыларды тактикалық түрде білімін көтеру өз жалғасын табады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қазақстан футболшыларының кәсіподағы (@kaz.kfa)



Күн шежіресі