Футболдан UEFA Конференция лигасының финалында кездесетін командалар анықталды
«Фиорентина» мен «Олимпиакос» финалда ойнайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жартылай финалдағы алғашқы кездесуде «Брюгге» (Бельгия) мен «Фиорентина» (Италия) кездесті.
7 мамырда өткен қарымта ойында 1:1 есебі тіркелді. Дегенмен бір апта бұрын болған кездесуде «Фиорентина» аталған қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірген еді. Қос ойынның нәтижесімен италиялық клуб Еуропа лигасының финалына жолдама алды. Олар мұндай мүмкіндікке 24 жылдан кейін қол жеткізіп отыр. Сол кезеңде УЕФА кубогы аталатын турнирдің екі ойынға созылған финалында Италияның «Ювентусына» (3:1, 0:0) жол беріп қойған еді.
Ал бүгін, 10 мамырда жартылай финалдағы тағы бір ойында «Олимпиакос» (Грекия) пен «Астон Вилла» (Англия) сынға түсті. Англияда өткен алғашқы кездесуде грекиялық клуб 4:2 есебімен жеңген болатын.
Бүгінгі ойында грекиялық клубтан Айюб Эль-Кааби 10, 78-минуттарда қос голдың авторы атанды.
Осылайша «Олимпиакос» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды.
Енді олар финалда «Фиорентина» 29 мамырда «Фиорентина» командасымен кездеседі.
Бұл ойын Грекияның астанасы Афины қаласындағы «Айя-София» стадионында болады.