logo

Футболдан әйелдер құрамасының алдағы матчтарға құрамы белгілі болды

Футболдан әйелдер құрамасының алдағы матчтарға құрамы белгілі болды

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов EURO-2025 матчтарына ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Қазақстан футбол федерациясының мәліметіне сәйкес, алдағы екі ойында бой көрсететін аяқдопшылар:

Қақпашылар: Ангелина Портнова («Хаккаригюджу», Түркия), Виктория Зейнали («Томирис-Тұран»), Светлана Гейниц, Арина Тихонова (екеуі де «Қайрат»);

Қорғаушылар: Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Александра Бурова, Камила Совет, Жанеля Ержанова (барлығы «БИИК-Шымкент»), Анастасия Власова («Ақтөбе»), Айгерім Айтымова, Аружан Садуақасова (екеуі де «Ордабасы»), Мария Демидова («Минск», Беларусь);

Жартылай қорғаушылар: Сания Акшолакова («Қайрат»), Карина Жұмабайқызы («Бейлербейи», Түркия), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей), Карина Берикова, Камила Құлмағамбетова, Алина Лозукова, Бибігүл Нұрышева, Ксенья Хайрулина (барлығы «БИИК-Шымкент»);

Шабуылшылар: Аида Гайстенова («Звезда-2005», Ресей), Назым Алданазар, Полина Тучина (екеуі де «Қайрат»), Асем Каражанова («Ақтөбе»), Фатима Сатыгалиева («Ордабасы»), Анелья Мамырова («Томирис-Тұран»), Маргарита Талдыкина, Аселхан Турлыбекова («БИИК-Шымкент»).

Сәуір айында Қазақстан командасы екі матч өткізеді: 5 сәуір Алматыда Болгарияға қарсы, 8 сәуірден 9на қараған түні Будапеште Румыниямен кездеседі.



Күн шежіресі